Жиі қойылатын сұрақтар
Жылу есептеу құралы бойынша есептеулердің кешігіп келуі екі себепке байланысты:
- ЫСЖ ЖЕҚ көрсеткіштерін әр пәтер бойынша ЖСБП пломбылаған күнмен салыстыру;
- Биллинг жүйесінің дерекқорына жаңа ақпаратты енгізу.
ЖСБП бойынша төлеммен түбіртектер 3 айға дейін кешігіп келуі мүмкін. Алайда, келесі кезеңде ЖСБП коммерциялық есепке жіберілген күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
«Ыстық су» қызметінің қымбаттауына келесі факторлар әсер етеді:
- Жылу тасымалдағыштың ағып кетуіне әкеп соққан жылумен жабдықтау жүйесіндегі апаттық жағдай;
- Жылумен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз (өз бетімен) қосылу, оның салдарынан жылу тасымалдағышты келісім шартсыз (ескерілмеген) негізде пайдалану орын алады;
- 2 және одан да көп пәтерлерде ыстық суды есепке алудың жеке құрылғылары болмаған кезде, коммуналдық ұйымның дерекқорына ресми енгізілгендермен салыстырғанда пәтерде нақты тұратын тұтынушылар санының көп болуы;
- Кәріз жүйесіне жылу тасымалдағышты рұқсатсыз ағызу және т. б.;
- Пәтерлердегі судың жеке есептеу құралдарының көрсеткіштерін алудың пайызы төмен болуы.
«Жылыту» қызметі құнының өсуіне келесі факторлар да әсер етеді:
- Элеватор торабын жылумен жабдықтау жүйесін реттеудегі қателік;
- Коммуналдық ұйымның дерекқорына тиісті өзгерістер енгізбестен, жылытылатын алаңды өз бетінше ұлғайту (лоджияларға/балконға жылыту құрылғыларын орнату, жылумен жабдықтау жүйесіне қосу арқылы «жылы еденді» орнату);
- Жылумен жабдықтау жүйесінің құбырында оқшаулаудың болмауы (толық немесе ішінара).
Естеріңізге сала кетейік, жылу тасымалдағыштың артық шығыны пайдаланылған жылу энергиясы үшін артық төлемдерге және соның салдарынан тұрғын үй тұрғындарының наразылығына әкеліп соғады.
Жылу энергиясының шығынын азайту, соның салдарынан жылыту мен ыстық судың бағасын төмендету мақсатында «Алматы ТБН Сервис» ЖШС төмендегілерді ұсынады:
- үйішілік жылумен жабдықтау жүйесінің жай-күйін тұрақты бақылау;
- бекіту арматурасын, ысырмаларды және т.б. реттке келтіру;
- жылу тасымалдағыштың рұқсатсыз ағызуға/ағып кетуіне, жылумен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылуға және жылу тасымалдағыштың ағып кетуіне жол бермеу;
- ақаулы бөлшектерді уақтылы ауыстырып отыру;
- жылу тасымалдағыш шығынын ұлғаюына әсер ететін авариялық жағдайларды уақтылы жою.
«Алматы ТБН Сервис» ЖШС жылу энергиясын есепке алу құралы нақты пайдаланылған жылу энергиясын, оның ішінде жылу энергиясы мен жылу тасымалдағыштың санын, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың температурасын есепке алуға арналған екенін еске салады.
Суды есепке алу құралдарын орнатумен тек лицензиясы бар ұйымдар ғана айналысады. ЖЕҚ-н қабылдау қызметтерді жеткізушінің өкілдері пломба салған сәттен бастап жүзеге асырылады.
Есептеу құралы Көлденең орнатылуы керек. ЖЕҚ нұсқауларына сәйкес есептегіш нөмірін су есептегішінің төлқұжатымен тексеру керек. Аралық тексеру интервалы құрылғыны орнатқан кезден бастап емес, дайындаушы зауыттың шығарған кезінен бастап және/немесе, тексеру кезінен бастап жасалады.
Жеке есепке алу құрылғысының паспорты және лицензиясы бар ұйым берген ЖЕҚ орнату (монтаждау) актісі.
Пломбалау тек қана «Алматы СУ» ЖШҚ-дағы МКК өкілдерімен жүргізіледі
Суық суды есепке алу құрылғыларын пломбалауды өнім берушінің уәкілетті өкілдері ТЕГІН жүргізеді!
Тексерудің тәртібі мен кезеңділігін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді және есептегіштің түріне байланысты болады. Есепке алу аспабын тексеру оның техникалық паспорты бойынша анықталатын тексеру аралық интервал аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады, онда аспаптың осы түрінің тексеру аралық интервалын есептеу жүргізілетін соңғы тексеру күні туралы белгі қойылады.
ҚР 07.06.00 ж. № 53 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес,19-баптың 1-тармағы «Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезінде олардың үлгісі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін салыстырып тексеруге жатады».
Тұтынушының қаражаты есебінен.
Суды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруді уәкілетті органның аккредиттеуі бар ұйымдар жүргізеді. Бүгінгі таңда Алматы қаласында осындай бірнеше ұйым бар. «Алматы ТБН Сервис» ЖШС.
Иә, егер қызметтің осы түрін көрсетуге аккредитациясы бар ұйымның тиісті жабдығы болса. Біздің компания Алматыда су есептегіштерін шешіп алмай-ақ тексеру қызметтерін ұсынады.
ЖЕҚ паспортында соңғы тексеру күнінен бастап.
Мемлекеттік тексеру туралы ақпарат есептегіш паспортында келесі тексеру күні көрсетілген.
07.06.00 ж. №53 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы. 19-баптың 1-тармағы. Бұл ретте тұтынушы ЖЕҚ-ның жарамдылығын, оның ішінде тексеру мерзімін дербес қадағалауға міндетті. Тексеру мерзімі өткен кезде Өнім беруші тұтынушыны есепке алу аспабын тексеру қажеттігі туралы хабардар етуге құқылы.
Ақпараттық жол «Алсеко» АҚ шоттарындағы ЖЕА тексеруді жүргізу қажеттілігі туралы мынадай мазмұндағы квитанциялардың назарына жеткізіледі: «Назар аударыңыз, сізге… дейінгі мерзімде суық судың ЖЕҚ-на тексеруді жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда есептеу тұрғындардың санын ескере отырып жүргізілетін болады».
Ақпараттық жолмен «Алсеко» АҚ түбіртектерінде ЖЕҚ-ға тексеру жүргізу қажеттілігі туралы келесі мазмұндағы мәлімет жеткізіледі: «Назар аударыңыз, сізге …..дейін суық судың ЖЕҚ-на тексеруді жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда, есептеу тұрғындардың санын ескере отырып жүргізіледі». Немесе толық ақпаратты алу үшін +7 (727) 333 70 30 не +7 (727) 3 777 444 телефондары бойынша операторларға хабарласыңыз
Кәсіпорынның бірыңғай ақпараттық анықтама қызметінің телефоны бойынша +7 (727) 3 777 444
- тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында;
- Алсеко түбіртектерінің келесі бетінде орналасқан кестені толтыру арқылы;
- жеке кабинет арқылы;
- Смартфонға тиісті бағдарламаны орнатып алған соң, «Алсеко» АҚ жеке кабинеті арқылы.
Есептегіштерден бас тартуға болмайды
Егер ЖЕҚ көрсеткіштерін алу үшін қолжетімділік болмаса немесе ЖЕҚ тұтынылған судың барлық көлемін қамтымаса, онда кәсіпорын оны талап етуге құқылы
Аккредиттелген зертханаларда тұтынушының қаражаты есебінен.
Егер сізде әлі де сұрақтар туындаса, келесі телефондар арқылы кеңес ала аласыз: