Кеңсеміздің мекен-жайы

Алматы қ.
Өтеген батыр көшесі 94а

Кеңсеміздің телефондары

Жылу есептегіштерді, су өлшегіштерді тексеру

Сізге су есептегішін орнату, тексеру немесе ауыстыру керек пе? Аталған қызметтердің кез келгеніне «Алматы ТБН сервис» компаниясынан тапсырыс бере аласыз. Бізде осы жұмыстарды жүргізу үшін барлық қажетті сертификаттар, лицензиялар мен рұқсаттар бар.

Тексеру дегеніміз не?

Тексеру – бұл есептеу құралының метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі анықталатын операциялардың белгілі бір жиынтығы.

Кез-келген жылу есептегіш немесе су есептегіш – бұл ең алдымен метрологиялық құрылғы. Құрылғылардың жұмысына қарапайым тексеру жеткіліксіз, өйткені оның көрсеткіштер дәлме дәл болуы керек. Тексеруді өз бетіңізше жүргізу мүмкін емес, өйткені бұл процедура үшін сізге осы жұмыс түрлерін жүргізуге мамандандырылған жабдық пен лицензия қажет.

Тексеру түрлері

Тексерудің бірнеше түрі болады.

  1. Бастапқы. Тексерудің бұл түрі сол құрылғының жасалып шыққан зауытуында өтеді. Дәл осы тексеру түрінің күні құрылғыларда жазылып тұрады.
  2. Мерзімді. Есепке алу құрылғыларының уақыты өте келе әртүрлі себептер бойынша өз дәлдігін жоғалтуы мүмкін болғандықтан, құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін өндіруші зауыт көрсеткен құрылығының құжаттамасында (паспортында) көрсетілген кезеңділікпен тексеру жұмыстарын жүргізу қажет. Көбінесе тексеру аралығы нақты құрылғыға байланысты 4-6 жыл.
  3. Жоспардан тыс. Жылуесептегіштің паспорты жоғалған, жылуесептегіштің элементтеріндегі тексеру пломбалары бұзылған, өлшеу бөлігі жөнделген жағдайда немесе жылуесептегіштің көрсеткіштерінің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жүргізіледі.

Процедура қаншалықты жиі орындалады?

Жоғарыда айтылғандай, тексеру мерзімі есептеу құралының нақты түріне байланысты болады. Құрылғының паспортында нақты уақытты білуге болады.

Біз қандай қызметтерді ұсынамыз?

«Алматы ТБН сервис» – де сіз тексеру бойынша қызметтерге тапсырыс бере аласыз:

  • Жеке жылу есептегіштер;
  • Үйге ортақ жылу есептегіштер;
  • Жеке су есептегіштер;
  • Жалпы үйлік шығын өлшегіштер.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса әрқашан бізге қоңырау шалып, менеджерден барлық қажетті ақпаратты алуыңызға болады.

Сізге кеңес алу қажет пе?

Төмендегі жолға өз атыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз, содан кейін біздің менеджер сізге қоңырау шалып, барлық сұрақтарыңызға толық жауап береді!

Осы формамен деректерді жіберу арқылы сіз Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдайсыз