Кеңсеміздің мекен-жайы

Алматы қ.
Өтеген батыр көшесі 94а

Кеңсеміздің телефондары

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Өз серіктестері үшін «Алматы ТБН Сервис» ЖШС компаниясы деректерді өздігіңізден алуға, есептерді басып шығаруға және өз құрылғыларыңыздың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік беретін ӨЗІНІҢ құрылғылар базасына онлайн қолжетімділігін ұсынуға дайын. ЛЭРС- ЕСЕПКЕ АЛУ бағдарламалық кешеніне қол жеткізу үшін Сізге алдын ала біздің кеңсемізде келісім шарт жасасып немесе +7 727 333-70-30 телефоны бойынша хабарласып, дербес «ЛОГИН» және «ҚҰПИЯ СӨЗДІ» алу қажет

ЛЭРС ЕСЕПКЕ АЛУ диспетчерлеу жүйесі жылуды, суды, буды, газды, электр энергиясын өлшеуге, технологиялық және коммерциялық есепке алуға арналған. Бағдарлама сертификатталған және 56298-14 нөмірімен өлшеу құралдарының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Әр түрлі өндірушілердің есептеу құрылғыларының 150-ден астам моделіне қолдау көрсетіледі.

Қолдану саласы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары (пәтер бойынша және үйге ортақ есеп), өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар.

Жүйе есептегіштерден мәліметтер жинауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама белгіленген кесте бойынша, мысалы, күніне бірнеше рет, көрсетілген есептеу нүктесінің құрылғысынан деректерді алып отырады. Сондай-ақ оператор кез келген сәтте қолма-қол режимінде бір немесе топтасқан есепке алу нүктелерінің жетіспейтін деректерін сұрата алады.

Веб-интерфейс жүйеге енгізілген және пайдаланушыларға Интернет арқылы браузердің көмегімен деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сіз қолжетімділік бересіз, ал пайдаланушы жеке кабинетке кірген кезде нысандар/есепке алу нүктелері бойынша деректерді қарайды, есептерді басып шығарады және т. б.

Сервиспен жұмыс істеу үшін пайдаланушыға логин / құпия сөзді ұсыну қажет.

ЛЭРС ЕСЕПКЕ АЛУ сыртқы модулінің көмегімен құрылғыларды қашықтықтан басқаруға болады, мысалы, КМ-5 жылу есептегіштері және РМ-5 су есептегіштері. Басқару батырмалары бар құрылғы панелі экранда көрсетіледі. Басқару батырмаларын басу арқылы командалар құрылғыға жіберіледі, құрылғы экранындағы барлық өзгерістер нақты уақытта көрсетіледі.

Серіктестің сайты — www.lers.ru

Сізге кеңес алу қажет пе?

Төмендегі жолға өз атыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз, содан кейін біздің менеджер сізге қоңырау шалып, барлық сұрақтарыңызға толық жауап береді!

Осы формамен деректерді жіберу арқылы сіз Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдайсыз