Кеңсеміздің мекен-жайы

Алматы қ.
Өтеген батыр көшесі 94а

Кеңсеміздің телефондары

GSM модемімен су есептегіштерін орнату

GSM, GPRS, LoRaWaN модемдеріне негізделген көрсеткіштерді қашықтан алу арқылы су есептегішін қалай орнатуға болатынын білгіңіз келеді ме?

Сізде Алматы қаласында және Алматы облысында дүкен, кеңсе, кафе немесе өзге де ғимарат немесе үй-жай бар болса, сіз кәсіпкер болсаңыз және/немесе су өлшегіш арқылы ДЖБҚ (деректерді жинау және беру құрылғысын) орнатуды міндеттеген жеке тұлға болсаңыз.

Сізге арналған қарапайым әрі түсінікті шешім бар: Диспетчерлеу.

Диспетчерлендіру нені қамтиды?

  1. «С» метрологиялық сыныпты суық су есептегіші
  2. Көрсеткіштерді бір модемге 4 су есептегішке дейін қашықтықтан беретін ДЖБҚ. Батареяның қызмет ету мерзімі 4 жыл. Сырттай қоректендіруді қажет етпейді. Су баспайтын құдықта орнату мүмкіндігі.
  3. Монтаждау жинағы (кран, сүзгі, штуцер, кері клапан, пластикалық жалғағыш арматура).
  4. Басынан аяңына дейінгі «толыққанды» жұмыс. Монтаждау актісін жазып беру, есепке алу аспаптары мен жабдыққа паспорттарды беру. Көрсеткіштерді мониторингілеу үшін жеке кабинеттен Логин, құпия сөз.

Бағасы 62 000 теңгеден бастап.

Анықтама телефондары:

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

ЖЕҚ-жеке есептеу құралын өздігімнен орната аламын ба?

Суды есепке алу құралдарын орнатумен тек лицензиясы бар ұйымдар ғана айналысады. ЖЕҚ-ны қабылдау қызметтерді жеткізушінің өкілдері пломба салған сәттен бастап жүзеге асырылады.

Су есептегішін орнату кезінде неге назар аудару керек?

Есептеу құралы Көлденең орнатылуы керек. ЖЕҚ нұсқауларына сәйкес есептегіш нөмірін су есептегішінің төлқұжатымен тексеру керек. Аралық тексеру интервалы құрылғыны орнатқан кезден бастап емес, дайындаушы зауыттың шығарған кезінен бастап және/немесе, тексеру кезінен бастап жасалады.

Су есептегішінің орнатылуын қандай құжаттар растайды?

Жеке есепке алу құрылғысының паспорты және лицензиясы бар ұйым берген ЖЕҚ орнату (монтаждау) актісі.

Пломбаны қалай орнатуға болады?

Пломбалау тек қана «Алматы СУ» ЖШҚ-дағы МКК өкілдерімен жүргізіледі.

Пломбалау қызметі ақылы ма?

Суық суды есепке алу құрылғыларын пломбалауды өнім берушінің уәкілетті өкілдері ТЕГІН жүргізеді!

ЖЕҚ тексеру керек пе?

Тексерудің тәртібі мен кезеңділігін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді және есептегіштің түріне байланысты болады. Есепке алу аспабын тексеру оның техникалық паспорты бойынша анықталатын тексеру аралық интервал аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады, онда аспаптың осы түрінің тексеру аралық интервалын есептеу жүргізілетін соңғы тексеру күні туралы белгі қойылады. ҚР 07.06.00 ж. № 53 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес,19-баптың 1-тармағы «Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезінде олардың үлгісі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін салыстырып тексеруге жатады».

Суды есепке алу құрылғылары кімнің есебінен тексеріледі?

Тұтынушының қаражаты есебінен.

Суды есепке алу құрылғыларын тексерумен қандай ұйымдар айналысады?

Суды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруді уәкілетті органның аккредиттеуі бар ұйымдар жүргізеді. Бүгінгі таңда Алматы қаласында осындай бірнеше ұйым бар. «Алматы ТБН Сервис» ЖШС.

Есептегішті шешіп алмай-ақ тексеруге ма?

Иә, егер қызметтің осы түрін көрсетуге аккредитациясы бар ұйымның тиісті жабдығы болса. Біздің компания Алматыда су есептегіштерін шешіп алмай-ақ тексеру қызметтерін ұсынады.

Тексеру аралық интервалы қай кезеңнен бастап саналады?

ЖЕҚ паспортында соңғы тексеру күнінен бастап.

ЖЕҚ кезекті тексеру мерзімі қай жерде көрсетілген?

Мемлекеттік тексеру туралы ақпарат есептегіш паспортында келесі тексеру күні көрсетілген.

ЖЕҚ тексеру қажеттілігі туралы қайда көрсетілген?

07.06.00 ж. №53 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы. 19-баптың 1-тармағы. Бұл ретте тұтынушы ЖЕҚ-ның жарамдылығын, оның ішінде тексеру мерзімін дербес қадағалауға міндетті. Тексеру мерзімі өткен кезде Өнім беруші тұтынушыны есепке алу аспабын тексеру қажеттігі туралы хабардар етуге құқылы.

Ақпараттық жол «Алсеко» АҚ шоттарындағы ЖЕА тексеруді жүргізу қажеттілігі туралы мынадай мазмұндағы квитанциялардың назарына жеткізіледі: «Назар аударыңыз, сізге… дейінгі мерзімде суық судың ЖЕҚ-на тексеруді жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда есептеу тұрғындардың санын ескере отырып жүргізілетін болады».

Егер ЖЕҚ паспорты болмаса, суық су есептегіштерін қашан ауыстыру керектігін қалай білуге болады?

Ақпараттық жолмен «Алсеко» АҚ түбіртектерінде ЖЕҚ-ға тексеру жүргізу қажеттілігі туралы келесі мазмұндағы мәлімет жеткізіледі: «Назар аударыңыз, сізге …..дейін суық судың ЖЕҚ-на тексеруді жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда, есептеу тұрғындардың санын ескере отырып жүргізіледі». Немесе толық ақпаратты алу үшін +7 (727) 333 70 30 не +7 (727) 3 777 444 телефондары бойынша операторларға хабарласыңыз

ЖЕҚ көрсеткіштерін қалайша өзіміз беруге болады?

  • Кәсіпорынның бірыңғай ақпараттық анықтама қызметінің телефоны бойынша +7 (727) 3 777 444
  • тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында;
  • Алсеко түбіртектерінің келесі бетінде орналасқан кестені толтыру арқылы;
  • жеке кабинет арқылы;
  • Смартфонға тиісті бағдарламаны орнатып алған соң, «Алсеко» АҚ жеке кабинеті арқылы.

Мен ЖЕҚ-дан бас тартып, норма бойынша төлей аламын ба? Егер иә болса, қалай?

Есептегіштерден бас тартуға болмайды

Құрылғы үйде тұр, маған оны бөлек құдыққа ауыстыруға міндеттей ала ма?

Егер ЖЕҚ көрсеткіштерін алу үшін қолжетімділік болмаса немесе ЖЕҚ тұтынылған судың барлық көлемін қамтымаса, онда кәсіпорын оны талап етуге құқылы

Біз ЖЕҚ жұмысының сенімділігіне күмәнданамыз, ЖЕҚ жұмысының дұрыстығын кіммен және кімнің қаражаты есебінен тексерілуі тиіс?

Аккредиттелген зертханаларда тұтынушының қаражаты есебінен.

 

Сізге кеңес алу қажет пе?

Төмендегі жолға өз атыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз, содан кейін біздің менеджер сізге қоңырау шалып, барлық сұрақтарыңызға толық жауап береді!

Осы формамен деректерді жіберу арқылы сіз Құпиялылық саясатының шарттарын қабылдайсыз